“Күрекпен күреле салатын күре жол”

871

Ақтаста салынған жолдың сапасы тұрғындардың наразылығын туғызды.

“Күрекпен күреле салатын күре жол” Фото: видеодан скриншот

Ақтас кентінде жол салып жатқан мердігердің жұмысы сапасыз деген тұрғындар наразы болуда. Ақтас кентінің белсенді тұрғыны Шыңғыс Пірімов жолдың сапасын бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге салған . Жолды тіпті полиция қызметкерлеріне де көрсеткен.

Саратовская көшесінде салынып жатқан жолдың сапасы жұрттың жағасын ұстатқан. Тіпті жолды қалақпен қопарып көруге болады  оған аса күш жұмсап керек жоқ қатайтылмаған жол қопарылып шыға келеді. 

“Жолдың шеті негізі 4 см болу керек, мына жол екі см ғана, астында мастика жоқ. Яғни жолдың өзі қатайтылмаған. Біз осы жолды сараптамаға беріп отырмыз, қорытындысын күтеміз. Олар бізге өз ұйғарымдарын айтып бізбен келіспей отыр. Дегенмен жолдың сапасы жоқ болып тұр. Бұрынғы асфальтты қырмай үстіне салып жіберген осының салдарынан жол шамадан тыс биіктеп кеткен,сол маңда ескі екі қабатты үйлер бар олар төмен тұр. Көктемгі қар ерігенде су осы үйлерге қарай кетеді соны да ойламаған",- дейді Ақтас тұрғыны Шыңғыс Пірімов.

Ақтас елді мекенінде бірнеше ойын , қоқыс алаңдары мен  жол салу үшін тендер жарияланған екен. Бұл тендерде “ТехстройКараганда” ЖШС жеңіске жеткен екен. Саран қаласы әкімшілігінің мәліметінше салынып жатқан жол әлі пайдалануға берілмеген. Әкімдіктегілер мердігер жол салуда жіберген қателігі болса оны өздері жөндейді дегенді алға тартады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу