Курил аралдарында 5,8 баллдық жер сілкінісі болды

441

Тынық мұхитында Курил аралдарында сейсмологтар магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісін тіркеді.  

Курил аралдарында 5,8 баллдық жер сілкінісі болды Фото: dp.ru

Бұл туралы inbusiness.kz Ресей ғылым акдемиясының Камчатка филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісі Камчатка уақыты бойынша 18:45-те болды (Астана уақытымен 12.45). Жер дүмпуінің ошағы солтүстік Курильскіден 189 шақырым жерде анықталды.

"Тереңдігі 42 шақырым, магнитудасы 5.8", - делінген мекеменің хабарламасында.

Кешегі Түркиядағы 7,8 балдық күшті жер сілкінісінен кейін бүкіл әлемде жер дүмпулері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу