Күріш бағасы 310 теңгеден, ал тұз бағасы 59 теңгеден қымбат болмауға тиіс

1921

Алматыда аталған азық-түлік түрлерін қымбаттатқандарға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  

Күріш бағасы 310 теңгеден, ал тұз бағасы 59 теңгеден қымбат болмауға тиіс

Оңтүстік астанада бірқатар азық-түлік бағасына белгіленген көрсеткіштен ауытқығандар жауапқа тартылады. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

Күріштің бағасы – 310 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн – 211 теңгеден, қарақұмық – 339, нан – 80, макарон өнімдері – 209, сиыр еті – 2160 теңгеден, жұмыр –367 теңгеден, сұйық май – 434 теңгеден, тұз – 59 теңгеден жоғары болмау керек.

"Ең жоғары бағалар белгіленді. Мұны базар, дүкендер мен сауда орталықтары ұстануға тиіс. Бұл номалардың орындалуын арнайы мобильді топ бақылайды. Егер талаптардан ауытқушылық болса мобильді топ құрамындағы полиция қызметкері құжат толтырып, фото және бейне камераларға түсіріп, аудандық әкімдіктердегі комиссияға жібереді. Мұндай жағдайда 100 АЕК көлемінде айыппұл салады. Сатушылар бір аптаның ішінде айыппұлдың 50%-ын төлей алады", – деді Еркебұлан Оразалин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу