Күріштің ирандық сортының алғашқы 500 тоннасы экспортталады

1060

Өткен жылы өңірде дәстүрлі өнімнен бөлек Иранға экспортқа шығару үшін ирандық сорт өсіріле бастады.

Күріштің ирандық сортының алғашқы 500 тоннасы экспортталады

Ирандық күріш сортының алғашқы 500 тоннасы биыл экспортталады. Былтыр қызылордалық күрішшілер су тапшылығына қарамастан, 473 мың тонна өнім жинады, деп хабарлады өңір әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен кездесуде.

Өткен жылы өңірде дәстүрлі өнімнен бөлек Иранға экспортқа шығару үшін ирандық сортын өсіру басталды. Қазіргі уақытта өнімнің 500 тоннасын экспорттық бағадан 4 есе жоғары бағада жөнелту жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, егіншілікті дамыту суармалы жерлермен шектелгенін ескере отырып, мол өнім беретін және суды аз қажет ететін  дақыл алқаптарын көбейтуге, сондай-ақ, мал шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету үшін жемдік және азықтық дәнді дақылдардың егістерін ұлғайтуға басымдық беріледі.

"2018 жылы күріш егісі 3 мың гектарға кеміді, ал майлы дақылдар егісі, атап айтқанда мақсары 2013 жылы 1659 гектардан 2018 жылы 8404 гектарға дейін ұлғайды. Бұл мақсары майын өндіруді ұйымдастыруға және 2018 жылы бірінші рет осы өнімнің 50 тоннасын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік берді. Қытайға жыл сайын 2,4 мың тоннадан кем емес мақсары майын жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Осының есебінен өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының  28%  өсуін қамтамасыз етуге болады", ­– деді әкім.

2018 жылдан бастап аймақта соя және азықтық дақылдар – судан шөбі, қант құмай сияқты мол   дақылдарды енгізу жұмыстары басталды.

2019 жылы күріш егісін тағы 2171 гектарға азайтып, 4068 гектарға азықтық және 1293 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу