Құрлықтағы мұнай қоры артты: әлемде қара алтын жинақталып жатыр

180

Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA) соңғы есебінде айтылған. 

Құрлықтағы мұнай қоры артты: әлемде қара алтын жинақталып жатыр Фото: Прайм

Әлем бойынша мұнай қоры екінші ай қатарынан көбейіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, наурыз айында жаһандық мұнай қоры 7,7 млрд баррельге жеткен. Сарапшылар 2024 жылы тәуліктік өсім орта есеппен 720 мың баррельді, ал 2025 жылы 930 мың баррельді құрайтынын болжайды.

Сәуірдің ортасынан мамырдың ортасына дейін құрлықтағы мұнай қоры 100 млн баррельге артып, 3,127 млрд баррельге жеткен. Бұл – COVID-19 пандемиясынан бергі ең ірі көрсеткіш. Мұндай мәліметті француздық Kayrros геоталдау компаниясының сарапшысы Августина Пратт ұсынды.

Әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы ел – Қытайда мамыр айында қор көлемі рекордтық деңгейге, яғни 1,127 млрд баррельге дейін өскен. Сарапшылар бұл көрсеткішті мұнай бағасының төмен кезінде үкімет пен компаниялардың қор жинауға ұмтылуымен байланыстырады.

Сонымен қатар теңіз танкерлерінде сақталған мұнай көлемі де артып келеді. Kpler компаниясының дерегіне сүйенсек, соңғы айда танкерлерде 7 күннен артық сақталған шикі мұнай, конденсат және мұнай өнімдерінің көлемі 14%-ға өсіп, 160 млн баррельге жеткен. Бұл – соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу