Құрманғазылықтар көрші аудандар мен Маңғыстауға көмектесуде

816

Олар екі жүз тоннадан астам жем-шөп жіберген.  

 Құрманғазылықтар көрші аудандар мен Маңғыстауға көмектесуде

Атырау облысы Құрманғазы ауданының халқы Мақат, Жылыой аудандарына және Маңғыстау облысына барлығы 225 тонна жем-шөп жіберді. Бұдан бөлек, жері шүйгін аудан Исатай ауданына шабындық жерден бөліп берген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Осылайша, құрманғазылықтар қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек қолдарын созып отыр. Бұл іске жергілікті кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен қатар, аудандық "Жасыл ел" еңбек жасағына қатысқан жастар да үлес қосыпты. Аудан қысқа дайындықты ерте бастап, Мақатқа 55 тонна, Жылыойға 80 тонна және Маңғыстауға 90 тонна жем-шөп жіберіп жатыр. Оған мұндағы 19 округтен бір-бір техника мен бес адамнан жұмылдырылды. Бұдан бөлек, Исатай ауданына 5000 га шабындық жер беріліп отыр.

Қазіргі күні Құрманғазыдан Мақат ауданына әрқайсысында әрқайсысында елу орамадан бар бес вагон шөп келіп жетіпті. Оны жергілікті теміржол бөлімшесі тегін тасымалдап беріпті. "Түсірілген шөп жағдайы жоқ отбасыларға таратылады. Мал өсіріп отырған әр үйге екі орамадан тегін жеткізіледі", - дейді Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов.

Бұдан бөлек, аталған аудан әрқайсысы 300 келі болатын мал азығы орамдарын теміржол арқылы Маңғыстау облысына жіберген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу