Курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді

181

Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылды қорытындылау барысында мәлімдеді.  

Курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді Фото: gov.kz

Биыл еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сала басшысы аталған жұмыстардың нәтижесінде 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі жол картасының жобасы әзірленгенін айтты.

Сондай-ақ биыл курорттық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, логистика және туристік сервистерді дамытуды көздейтін Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары, 2025-2029 жылдарға арналған "Маңғыстау" туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу