Құрсақта жатып коронавирус жұқтырған 21 сәби ауруханадан шықты

705

1085 жүкті әйел коронавирус жұқтырды.

Құрсақта жатып коронавирус жұқтырған 21 сәби ауруханадан шықты

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекованың сөзінше, жатырда жатқан кезінде аналарынан коронавирус инфекциясын жұқтырған

21 сәбидің денсаулығы дұрысталды. Олардың ешқайсына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Науқас сәбилердің барлығы аурудан толық жазылды. Ауруханадан шығарылып, үйлеріне жіберілді", – деді вице-министр.

Людмила Бұйрабекованың баяндауынша, ел бойынша 1085 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. 1064 келіншек дүниеге сау сәби әкелген. 21 бала өмірге коронавирус инфекциясымен келген. Олар инфекцияны құрсақта жатқан кезде, аналарынан жұқтырған. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу