"Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы Құрық портының паром кешенін салудың екінші кезеңін іске асыруда. Қазір қуаты 2 млн. тонна болатын автомобиль құрамдас бөлігінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Вnews.kz.
Атап айтқанда, қорғаныс гидротехникалық құрылыстарды, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, пирсті, кеден және шекара бақылау нысандарын, кемелер қозғалысын басқару жүйесін, сондай-ақ басқа өндірістік және қосалқы нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылысты 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.
Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарында 200-ден астам жұмысшы мен 83 бірлік техника жұмылдырылған.
Жалпы, 2020 жылға қарай Қазақстан теңіз порттарының өткізу мүмкіндігін 26 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда