Құрық теңіз порты мен Иранның Амирабад порты арасында паромдық желі іске қосылды

551

Енді "Құрық-Амирабад" порттары арасында түрлі жүктер паромдық кешенмен тасымалданатын болды. 

Құрық теңіз порты мен Иранның Амирабад порты арасында паромдық желі іске қосылды

Маңғыстаудағы Құрық порты арқылы Иранмен сауда саттықты нығайту мақсатында алғаш рет "Құрық-Амирабад" паромды желісі іске қосылды. Паромдық желі аясында Маңғыстауға Ираннан "Композитор Рахманинов" кемесі келді.

"Композитор Рахманинов" – RO-RO типтес кеме. Аталған кемеде әр түрлі құрал-жабдықтармен алты Еуро жүк көлігі келді. Олардың біреуінде киви жемісі бар.

"Ең бастысы – паром арқылы көкөністер мен жеміс-жидекте тиелген жүк көліктерін төгіліп-шашылусыз (басқа көлікке ауыстырып жүктемей) тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік бар. Бір паромда 32-ге дейінгі рефрижераторда (еуро жүк көлігі) тез бұзылатын тауарларды тасымалдауға болады. "Құрық-Амирабад/Энзели" паромды желісі ирандық және қазақстандық кәсіпкерлер үшін де қызықты болатынына сенімдімін",– деді Құрық портының маркетинг және логистика бойынша атқарушы директор Әлібек Өтегенов.

Құрық автомобильді инфрақұрылымы порт арқылы транзит және экспорттық-импорттық бағыттардағы өтуші жүктерді қабылдау мен жылдам қызмет көрсетуге толығымен дайын. Бұған дейін Құрық Порты Әзірбайжанмен ғана паромды хабарламаны іске асырған болатын.

2020 жылдың 10 айында Құрық порты арқылы өтетін жүктерді тиеу 1.352 млн тоннаны құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 290 мың тоннаға немесе 21%-ға жоғары. Экспортқа мұнай, астық және халықтық қолданыстағы тауарлар жіберледі. Импорт – заттық өнімдер мен құрылыс материалдары секілді халықтық қолданыстағы тауарлар болып табылады.

Құрық Порты Ақтау қаласының оңтүстігінде 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Порттың құрылысы 2015 жылдың сәуір айында басталған. Порттың алғашқы іске қосу кешені аймағы – темір жол паромды терминалы – 2016 жылдың 6 желтоқсанында пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу