Құрылтай депутаттары аман қалған әскерилердің жағдайын білді

385

Құрылтай спикерінің көңіл айту жеделхатын жеткізді.  

Құрылтай депутаттары аман қалған әскерилердің жағдайын білді Фото: instagram/mangystau.today

Құрылтай депутаттары қаза тапқан сарбаздардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті ақпарат mangystau.today парақшасында жарияланды. Құрылтай депутаттары Аббат Өрісбаев, Марат Себасов және Аят Сүгірбай марқұм сарбаздардың шаңырағына барып, жаназасына қатысқаны белгілі болды. Олар Құрылтай спикерінің көңіл айту жеделхатын жеткізген.

Сонымен қатар олар ауруханада ем алып жатқан әскери қызметшілердің жағдайын білуге барды. Депутаттар сарбаздармен және олардың жақындарымен сөйлесіп, хал-жағдайын сұрады.

Сондай-ақ қазіргі уақытта қандай көмек қажет екенін сұрады. Кездесу кезінде жарақат алған әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қажетті қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды. Олар сарбаздардың тезірек жазылуына тілектестік білдірді.

Айта кету керек, бұған дейін күні кеше Президент қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийде болған оқиғаға қатаң баға берді. Мемлекет басшысы "армия өткен ғасырда қалып қойғанын" айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу