Астанада Құрылтайдың жалпы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рәсім "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес өтті.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", – дейді депутаттар.
Бұған дейін Президент Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуымен құттықтап, алғашқы отырысты тарихи сәт екенін айрықша атап өтті. Мемлекет басшысы бірінші сессияның соңында Құрылтай депутаттарына үндеу жасады.
Құрылтайдың 145 мандаты мынадай тәртіппен бөлінді:
- "Әділет" – 110 мандат;
- "Ауыл" – 10 мандат;
- Respublica – 9 мандат;
- "Ақ жол" – 8 мандат;
- ЖСДП – 8 мандат.