Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева депутаттардың жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер брифингте: "Құрылтай депутаттарының бір күндік жалақысы қандай?" деген сұрақ қойды.
"Оны санау керек. Қазір Құрылтай депутаттарының жалақысы 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл еңбек өтіліне байланысты. Соны 24 күнге бөліп, бір күндік жалақыны шығаруға болады", – деді Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева.
Айта кету керек, бұған дейін Құрылтайда этиканы бұзған депутаттар қандай жазаға тартылатынын жазғанбыз. Бірқатар жаза түрлері көзделген. Олардың қатарында бір күндік жалақысынан айыру сияқты нормалар бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу