Құрылтай депутаттарының төсбелгiсi жезден жасалмақ

391

Бұған дейін депутаттардың төсбелгiсiн жасауда алтын қолданылған.  

Құрылтай депутаттарының төсбелгiсi жезден жасалмақ Фото: tenginews.kz

Құрылтай депутаттарының төсбелгiсi жезден жасалатын болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл мәселені комиссиямызда бірнеше рет талқыладық. Теңге сарайының мамандарын да шақырдық. Олар бізге төсбелгіні жезден жасау туралы ұсыныс білдірді. Себебі мемлекеттік марапаттардың басым бөлігі жезден жасалады", – деді Нұрлан Әбдіров.

Төсбелгiнің жалпы дизайны өзгеріссіз қалғанымен, өлшемі кішірейтілген.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бұрын депутаттардың төсбелгiсi алтыннан соғылғанын айтты.

Соңғы рет төсбелгiлер 2023 жылы сатып алынған, бір данасы 313 600 теңге тұрған. Жезден жасалған төсбелгi құны – шамамен 42 000 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу