Құрылтай депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады

368

Құрылтайдың жалпы отырысы өтті.    

Құрылтай депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады Фото: kursiv.media

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылтай Конституцияның 55-бабының 4-тармағына және 56-бабының 12) тармақшасына, сондай-ақ Құрылтай Регламентінің 255-тармағына сәйкес Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады. 

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай оның жаңа қызметіне сәттілік тілеп, заң шығару саласындағы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Татьяна Савельева Құрылтайға "Әділет" партиясынан сайланды (27.08.2026 бастап). Бірпалаталы Парламентте Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. Бұған дейін VIII шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің "AMANAT" партиясының партиялық тізімі бойынша депутаты (28.03.2023-01.07.2026) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу