Құрылтай Конституциялық Сот судьяларын, ОСК және Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім берді

301

Құрылтай отырысы өтті.  

Құрылтай Конституциялық Сот судьяларын, ОСК және Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім берді Фото: astanatv.kz

Құрылтай Президентке Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр баяндама жасады.

Құрылтай Президентке Абдолла Сәкенді, Қайрат Жақыпбаевты, Ләйла Жақаеваны, Айжан Жатқанбаеваны, Айгүль Қыдырбаеваны, Қанат Мусинді, Бақыт Нұрмұхановты, Сергей Скрябинді, Аслан Тукиевті, Сергей Ударцевті Конституциялық Соттың судьялары қызметіне тағайындауға келісім берді.

Құрылтай Азамат Айманакумовты, Михаил Бортникті, Мұхтар Ерманды, Әсел Жанәбілованы, Ләззат Сүйіндікті, Шавхат Өтемісовті Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қызметіне тағайындауға келісім берді.

Құрылтай Бақыт Әбілдиновті, Рахымжан Ділдаевты, Амангелді Есеновті, Ғабиден Жақсылықовты, Руслан Мелдебековті, Нұрлан Нұржановты, Ардақ Теңгебаевты, Юлия Энгельді Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындауға келісім берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу