Құрылтай сайлауынан кейін министрлер кабинеті қайтадан жасақталды

500

Нәтижесінде 4 министрлікке жаңа басшы келді.  

Құрылтай сайлауынан кейін министрлер кабинеті қайтадан жасақталды Фото: primeminister.kz

Сыртқы істер министрі болып Мұхтар Тілеуберді, Төтенше жағдайлар министрі болып Мұрат Мұханов, Мәдениет және ақпарат министрі болып Арман Қырықбай, Экология және табиғи ресурстар министрі болып Әлібек Қуантыров тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал Премьер-министр Олжас Бектенов өз қызметін сақтап қалды. Мемлекет басшысы оның кандидатурасын Құрылтай депутаттарымен келіскеннен кейін тиісті Жарлыққа қол қойды.

2026 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін 14 мемлекеттік орган бар. Оның 13-нің басшысы белгілі.

Бұдан өзге Президент дербес тағайындайтын үш министр анықталды. Олар: Сыртқы істер, Қорғаныс және Ішкі істер министрлері. Бұл тағайындауларға Құрылтайдың келісімі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Вице-президентін Президент Құрылтай депутаттарының көпшілік келісімімен тағайындайды. 2026 жылғы 31 тамызда Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-президенті болып тағайындалды. Вице-президент президентке бағынышты: оны қызметінен президент босата алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу