Құрылтайдың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың бірқатар судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бірқатар судьяларын қызметтен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес Жоғарғы Соттың судьялары Сәкен Абдолла мен Аслан Сұлтанович Түкиев Конституциялық Соттың судьялары болып тағайындалды. Бұдан бөлек, Марина Геннадьевна Боровик, Нұржан Үсіпханұлы Қайыпжан, Валерий Владимирович Ноздрин және Мәдениет Жақанқызы Омарбекова құрметті отставкаға шығуға тілек білдірді", – деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов.
Судьялардың әрқайсысы ондаған жылдар бойы заң мен әділдікке қызмет етуге өз өмірлерін арнады.
"Олар – отандық сот төрелігінің дамуына зор үлес қосқан, судьялық қызмет жолын адал әрі абыроймен атқарған жоғары білікті мамандар. Барлық судьялар сот қауымдастығында зор құрмет пен жоғары беделге ие", – деп атап өтті Дмитрий Малахов.