Құрылыс компаниясы жерді кадастрлық құнымен сатуды сұрайды

872

Құрылыс компаниясы жерді кадастрлық құнымен сатуды сұрайды

Жердің бәссаудаға түсуі баспана бағасын қымбаттатады. Бұл туралы ақтөбелік кәсіпкер Шамиль Каспранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ақтөбеде коммерциялық, мемлекеттік бағдарламамен әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүргізетін компания басшысы Шамиль Каспранов жердің бәссаудаға түсуіне қарсы. Ол аукцион кезінде жердің құны еселеп қымбаттап, пәтер бағасының өсуіне себеп болатынын жасырмады.

"Компания жылына 5 гектар жер алып, құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Жер бәссаудаға түсіп, пәтер бағасы көтеріліп жатыр. Әрі біз инженерлік инфрақұрылымды жүргіземіз. Сондықтан көпқабатты үйге арналған жерді кадастрлық құнымен сатуды сұраймыз. Су, жарық, жылу желісін тарту әр компанияға міндеттелген. Әрі жаз айларында өңірде құрылыс материалдары тапшы болады. Кірпіш, цемент аз. Сол себепті Ресейге тәуелділік күшейді. Металл, әйнек, ағаш, цемент. Бәрін Ресейден тасимыз. Қазақстанда шығарылатын цементті алу қаржылық жағынан тиімсіз. Зауыт шалғай, Ақтөбеге тасу қосымша шығын болады",- деді кәсіпкер Шамиль Каспранов.

Кәсіпкер инженерлік желілерді тарту жобасын бір институттың міндетіне жүктеуді сұрады. Егер жоба дайын болса, құрылыс компаниясы сатып алуға, алаңсыз жұмыс жүргізуге мүмкіндік алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу