Құрылыс компаниясын заңсыз тексерген қызметкерге айыппұл салынды

154

Тексеру нәтижесінде кәсіпкер "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің" 318-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.  

Құрылыс компаниясын заңсыз тексерген қызметкерге айыппұл салынды Фото: gov.kz

Қызылорда облысында мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысы бойынша Бақылау басқармасының бас маманы тексеру туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізген.

Осылайша Бақылау басқармасының қызметкерінің заңсыз әрекеті кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған.

Облыс прокуратурасымен бас маманға қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 2) тармағымен әкімшілік іс қозғалып, соңғыға қатысты соттың қаулысымен 55 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу