Құрылыс саласына 200 мыңнан астам адам қажет

1273

Atameken Business телеарнасының "Сол жағалау" бағдарламасында құрылыс саласындағы түйткілді мәселелер сөз болды.  

Құрылыс саласына 200 мыңнан астам адам қажет

Қазақстан құрылысшылар одағының зерттеуіне сай, елімізде құрылыстың түрлі саласын меңгерген 200 мыңнан астам маман қажет. Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің мәліметінше құрылыс саласында прораб, шебер, тас қалаушы, инженер-сметашы, бетоншы, техникалық-өндірістік бөлім инженері сияқты мамандар аса тапшы. Алайда адамдар жұмысшы мамандықтарға қызықпайды. Өкінішке қарай, уақыт өткен сайын бұл тренд қарқын алып барады. Адамдар физикалық жұмысты қажет етпейтін әлдеқайда жеңіл мамандықтарға ауысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу