Құрылыс тендерлерін қаржы министрлігі бақылап отырады

945

Құрылыс тендерлерін қаржы министрлігі бақылап отырады

Құрылыс компанияларын "көлеңкеден" шығару үшін қаржы министрлігі арнайы жоба дайындап жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап 7 күн жазып отыр. 

Енді конкурс өткізілгеннен кейін қаржының тендер алушыдан бастап жұмсалғанға дейінгі жолын қазынашылық комитеті қадағалап отырады. Алғаш рет (инжинирг компаниясы) супервайзер қызметі іске қосылып, құрылыстың сапасы ғана емес, барлық шығындары да бақыланып отырады. Пилоттық жоба Астана қаласында және Ақмола, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылады.

Ведомствоның мәліметінше, осыған дейін анықталған жалған кәсіпорындардың үштен бірі құрылыс саласына тиесілі. Ең жиі заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаржысын шығындауға қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу