Құс еті бір жылда бірден 29%-ға қымбаттады

1159

Мал мен құс етінің бағасы алты жылдан бері өсіп келеді, төмендеген емес.

Құс еті бір жылда бірден 29%-ға қымбаттады

Отандық ет комбинаттары мен құс фабрикалары, төрт айдың қорытындысы бойынша, сұранысты 88,9%-ға қамтамасыз етті.  Қалған 11,1%-ы сырттан келді (42,6 мың тонна өнім). Бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 5,7%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Экспорт өткен жылмен салыстырғанда бірден 19,3%-ға қысқарып, 10,3 мың тоннаны құрады.

Ішкі нарықта 374,2 мың тонна ет және ет өнімдері сатылды – бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,7%-ға артық.

Құс етінің бағасы, мамыр айының қорытындысы бойынша, бірден 28,5%-ға өсті. Қой мен шошқа етінің бағасы да бір жылда 16,5%, 13,3%-ға өсті. Жылқы еті 16,8%, сиыр еті 9,7%-ға қымбаттады.

Айта кету керек, елде ет пен құс етінің бағасы 74 ай қатарынан, яғни 6 жылдан астам уақыт бойы өсіп келеді, төмендеген емес.

Мамырда сүйегі бар сиыр етінің орташа бөлшек сауда бағасы 2,3 мың теңге (1 келісі) болды. Сүйегі бар жылқы еті 2,8 мың тг, сүйектері бар қой еті — 2,6 мың тг, ал сүйегі бар шошқа еті 1,9 мың тг болды. Ал тауық еті 1,2 мың теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу