Құс еті мен оның қайта өңделген өнімдеріне жаңа техникалық регламент қолданысқа енді

402

Құс еті мен оның қайта өңделген өнімдеріне арналған жаңа бірыңғай техникалық регламент қолданысқа енгізілді. Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Құс еті мен оның қайта өңделген өнімдеріне жаңа техникалық регламент қолданысқа енді Фото: gov.kz

"Онда құс етін сумен инъекциялауға, тағамдық қоспаларды, соның ішінде фосфаттарды, сондай-ақ консерванттар мен дәм күшейткіштерді енгізуге, ерігеннен кейін бөлінетін ылғалдың нормативі 4%-дан аспайтын секілді тыйым салатын талаптар көзделген", - деді Қуаныш Елікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер бұдан бөлек ҚР ұлттық техникалық регламенттерінің жоғары вольтты жабдықтар мен алкоголь өнімдеріне арналған жобалары әзірленгенін де атап етті.

"Азаматтарды қауіпті өнімдерден қорғау үшін Қазақстанның жоғары вольтты жабдықтар мен алкоголь өнімдеріне арналған ұлттық техникалық регламенттерінің жобалары әзірленді. Бұл өрттің, сапасыз жабдықты пайдалану кезіндегі жарылыстардың, сапасыз алкогольден уланудың және денсаулыққа зиян келтірудің қауіп факторларына, сондай-ақ жосықсыз импорттан қорғауға байланысты", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу