Құстардың жаппай қырылуына байланысты мұнай компаниясына айыппұл салынды

955

Құстардың жаппай қырылуына байланысты мұнай компаниясына айыппұл салынды

Атырау облысындағы Қашаған кенішінде құстардың жаппай қырылуына байланысты сараптама қорытындысы шығарылып, табиғат қойнауын пайдаланушы компанияға айыппұл салынды, деп хабарлайды 24.kz.
Атап айтсақ Каспий теңізіндегі "Қашаған" кен алаңына қарасты жасанды аралдардың бірінен 250-ге жуық бозторғайдың өлексесі табылған. Осы деректі тексеру негізінде жергілікті экологтар Солтүстік Каспий жобасын игеруші "Норт Каспиан Оперейтинг" компаниясына айыппұл салды. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы ірі кәсіпорын арнайы қаражат бөліп, құстардың көктемгі-күзгі миграциясы кезінде оларды өндіріс аумағынан үркітуге арналған электронды қондырғылар орнатуға уәде етті.
Мұндай қондырғылар негізінен әуежайларда ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде құстарды үркіту арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Салынған айыппұл 2018 жылдың 11 қаңтарына дейін мемлекет қазынасына аударылуға тиіс.   
"Тексеру қорытындысы бойынша Қашаған учаскесінің "Д" аралының 18-модулінің астынан анықталған 243 дана бозторғай құсына өлген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен келтірген залалды өтеу ставкасы  бойынша 2 млн 756 мың  теңге залалды өтеуге кінәрат қойылды", - дейді облыстық жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаров.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу