Құтқарушылар Алматы-Өскемен тас жолында қалып қойған 16 адамды құтқарды

704

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД алыс сапарға шығуды жоспарлаған жолаушыларға үндеу жасады. 

Құтқарушылар Алматы-Өскемен тас жолында қалып қойған 16 адамды құтқарды

Себебі көк тайғақ пен боран кезінде жолға шығу аса қауіпті. Мәселен, 27 желтоқсанда түнгі уақытта Шығыс Қазақстан облысының ТЖД құтқарушылары Алматы-Өскемен тас жолынының 805 шақырымда (Аягөз қаласынан 30 шақырым) қалып қойған жолаушыларға көмек көрсеткен. Рейстік Газель көлігі жолда бұзылып қалып, ішіндегі 14 адам "112" қызметінің көмегіне жүгінген. 

"Оқиға орнына келіп жеткен 22-ӨСБ қызметкерлері сынған көліктегі адамдарды, сондай-ақ сол жердегі Камаз көлігіндегі 2 жүргізушіні алып кетті. Барлық адамдар Аягөзге жеткізіліп, осындағы орта мектептің біріне орналастырылды. Газель көлігі жолаушы көлікпен Аягөз қаласына сүйреп әкелінді", - деп жазылған хабарламада. 

Бұл ретте ШҚО құтқарушылары елдімекеннен тыс алыс жолға шығар алдында төмендегі ережелерді естен шығармау керегін ескертеді: 
- "Дәрмен" қосымшасы арқылы жолдардың жағдайын біліңіз; 
- Баратын жеріңіз және оралатын уақытты туыстарыңызға айтыңыз; 
- Көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз;
- Көлікке қолшам, дәрі қобдишасын, жылы киім алып, аккумуляторды қуаттаңыз;
- Дауылдық ескертуге сәйкес жақын күндері өңірде қатты аяз күтіледі. Абай болып, құтқарушылардың кеңестеріне құлақ түріңіз. Құтқарушылардың көмегі қажет болса 112 нөміріне хабарласыңыз.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу