Алматы облысында "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлап түсті.
"ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлері жақын маңда болып, гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде оқиға орнына жедел түрде араласты. Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралы қолжетімсіз аумақтан сәтті шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Құтқарушылар таулы жерлерде қозғалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу