Құтқарушылар көп қабатты үйдің ашық терезесінде ойнап тұрған екі баланы құтқарды

606

Теміртауда терезеден құлағалы тұрған балаларды көрген тұрғындар құтқару қызметін шақырған. 

Құтқарушылар көп қабатты үйдің ашық терезесінде ойнап тұрған екі баланы құтқарды Фото: google

Теміртау қаласында өтіп бара жатқан адамдар бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің ашық терезесінен сыртқа қарап тұрған екі баланы көрген. Алаңдаған тұрғындар құтқару қызметіне хабарласқан. Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жеткен. Баспалдақ орнатып, құтқарушылар  ашық терезеге көтерілді. Пәтерде 2019 және 2020 жылы туған балалар жалғыз қалған. Төтенше жағдайлар қызметі ата - аналарға кішкентай  балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

“Балалардың терезелер мен балкондардан құлауын болдырмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар:

- кішкентай балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмаңыз, жиһаздың барлық түрін бала терезеге шыға алмайтындай етіп терезеден алысқа жылжытыңыз, москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.

Терезелерге  баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына жол бермейтін арнайы ысырмаларды қойыңыз, егер бекіту құрылғысын орнату мүмкіндігі болмаса, қажетінше пайдаланып, терезе тұтқасын бұрап алыңыз”,- деп хабарлайды Төтенше жағдайлар Департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу