Құтқарушылар құлаған ұшақта болған бес адамды іздестіріп жатыр

859

Құтқарушылар құлаған ұшақта болған бес адамды іздестіріп жатыр

АҚШ-тың құтқарушылары мен әскерилері Гавайдың Оаху аралына құлаған армиялық тікұшағында болған бес әскери қызметкерді іздестіруде, деп хабарлайды Ассошиэйтед пресс.

АҚШ-тың жағалау күзетінің тікұшағы Оаху аралының жағалауына құлаған. Бортта болған бес адам туралы әзірге еш ақпарат жоқ. Құтқарушылар оларды Тынық мұхиты аумағынан іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына бірнеше әскери кеме мен қайық жұмылдырылған.

Тікұшақтың бөліктері Оахудан екі миль жерден табылды.

UH-60 Black Hawk ұшағы ұшу жаттығуларын жасап жүрген екен. Экипажбен байланыс сейсенбі күні кешке үзіліпті, әзірге апаттың себебі анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу