Жетісу облысының Ескелді ауданындағы Қора өзенінде екі ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар күндіз өзеннің арғы бетіне өткен. Алайда кейін су деңгейі көтеріліп, кері өздігінен өте алмаған.
ТЖМ құтқарушылары ер адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Екеуі де медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және қауіпті жерлерден аулақ болуға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу