Ұлытау облысының Сәтбаев қаласынан 10 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына 20-ға жуық қызметкер мен 8 техника тартылды.
Қатты түтін өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Соған қарамастан, өрт 470 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу