Кувейт АӨСШК-ге мүше мемлекет болып қабылданды

599

Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр. 

Кувейт АӨСШК-ге мүше мемлекет болып қабылданды

Кувейт АӨСШК-ге мүше мемлекет болып бір ауыздан қабылданды. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның күн тәртібінде сөйлеген сөзінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді. Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз", – деді Президент.

Айта кету керек, саммиттің шешім қабылдаушы жоғарғы органы – мемлекет пен үкімет басшыларының саммиті осыған дейін Алматы (2002, 2006), Ыстанбұл (2010), Шанхай (2014), Душанбе (2019) қалаларында өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу