Кувейтте алғашқы виртуалды тележүргізуші пайда болды

446

Кувейтте жасанды интеллект негізінде жасалған алғашқы виртуалды жаңалықтар жүргізушісі пайда болды. 

Кувейтте алғашқы виртуалды тележүргізуші пайда болды Фото: twitter.com

Бұл туралы inbusiness.kz The Guardian-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оған жергілікті тілден аударғанда "күміс" деген мағына беретін Федха есімі берілді.

Жасанды интеллект жемісін 1961 жылы құрылған Парсы шығанағындағы алғашқы күнделікті ағылшын тіліндегі газеттің Kuwait Times атты веб-сайтынан көруге болады.

Федхидің алғашқы 13 секундтық видео-хабарламасы әлеуметтік желілерде біраз пікірталас тудырып, көрерменнің көзайымына айналды.

"Мен Kuwait News-те жасанды интеллект арқылы жұмыст істейтін Кувейттегі алғашқы виртуалды жүргізуші Федха болмын. Бүгін біз сіздердің қандай жаңалықтарға қызығушылық білдіретіндеріңізді білгіміз келеді. Пікірлеріңізді тыңдайық", - деді ол араб тілінде.

Виртуалды жүргізушіні онлайн бюллетеньдерді оқу үшін пайдалану жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу