Күз-2024: әскери қызметшілер мыңнан астам білім грантын алды

67

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті. 

Күз-2024: әскери қызметшілер мыңнан астам білім грантын алды Фото: gov.kz

Қазақстанда Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастарды мерзімді қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған жобаны іске асыру жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш мыңнан астам мемлекеттік білім беру гранттары, оның ішінде екі мыңнан астамы – "Көктем-2024", мыңнан астамы – "Күз-2024" әскерге алынып, 2025 жылы қызметін аяқтаған азаматтарға берілді.

"Әскерден босатылғаннан кейін екі жыл ішінде қазақстандықтар азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырусыз ақылы негізде оқуға түсе алады. Одан өзге конкурстық іріктеуден сәтті өткен Sarbaz 2.0 жобасына қатысушылар үшін мемлекет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігі қарастырылған", – делінген хабарламада.

Гранттарды бөлудің ашықтығын Sarbaz 2.0 ақпараттық жүйесі қамтамасыз етеді. Мұнда жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, тәртіп және әрбір әскери қызметшінің тестілеу нәтижелері тіркеледі. Іріктеу нәтижелері платформада жарияланады және бұл қатысушыларға өз деректерін өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді.

2025 жылдан бастап мемлекеттік грант иегерлеріне қосымша стипендия, жатақхана және әскери кафедрада конкурстан тыс оқыту сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл офицерлік қызметке жол ашады.

Жоба іске қосылған 2023 жылдан бері мерзімді қызметтен өткен азаматтарға тоғыз мыңнан астам білім беру гранты бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу