"Құзырлы органдар бағасын береді": Министр Ақтауда дәрігерге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

596

Қылмыстық іс қозғалған.

"Құзырлы органдар бағасын береді": Министр Ақтауда дәрігерге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді Фото: tizgin.kz коллажы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтауда баланың әкесі мен дәрігер арасында болған жанжалға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қызметін атқарып жатқан азаматты біреу келіп ұрып-соғып, жұлқылап жатса, соны дұрыс көресіз бе? Қылмыстық іс қозғалды. Сондықтан тиісті құзырлы органдар өзінің бағасын бере жатар. Президенттің тікелей тапсырмасының аясында биыл жауапкершілікті (ред. – медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану және қатыгездік әрекеттері үшін жазаны қатаңдату) күшейтуге байланысты заңға қол қойылды. Сәуірден бастап бұл норма күшіне енді. Қазақстан бойынша осындай 50-ге жуық қылмыс іс қозғалды", – деді Ақмарал Әлназарова Үкіметте өткен брифингте.

Оның сөзінше, дәрігерлердің негізгі жұмысы – халыққа сапалы қызмет көрсету.

"Егер кінәлары дәлелденсе, заң аясында кінәлі тұлғалар екі жақтан да жауапкершілікке тартылады. Екіншіден, бұл жерде ата-ананың да жауапкершілігі назардан тыс қалмауы қажет. Ал балаға келсек, оның ата-анасы қолхат қалдырып, баланы кем дегенде екі рет ауруханадан алып кетті. Сөйтіп баланы үшінші рет әкелді. Ең бастысы мұнда баланың жағдайын ойлау керек. Қылмыстық іс қозғалды. Екі жақтың да жауапкершілігі толық қаралатын болады. Мен ата-ана немесе дәрігерге – ешқайсысына араша түспеймін. Заң бар", – деді министр.

Айта кету керек, бұған дейін "Ақтауда ауруханада жанжал шығарды" делінген 3 баланың әкесі әлеуметтік желіге шығып, өз шындығын жария еткенін жазғанбыз. 

Ақтауда облыстық ауруханада емделуші баланың әкесі мен балалар хирургі арасында жанжал болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу