Коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасы неге жарияланбайды?

503

Соңғы 6 ай ішінде коронавирустық инфекциядан 785 адам қайтыс болды.

Коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасы неге жарияланбайды?

Соңғы уақытта Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ден қайтыс болған тұрғындардың статистикасын жарияламайтын болды.

Бұның себебін ведомство өкілдері елдегі эпидахуал туралы өткен брифингте айтып берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Мұндай статистика бар. Сіздердің назарларыңызға ұсына аламын. Соңғы 6 ай ішінде коронавирустық инфекциядан 785 адам қайтыс болды. Оның ішінде қаңтарда – 311, ақпанда – 411, наурызда – 54, сәуірде – 3, мамырда – 3 адам. Індеттен маусым айында – 1 адам, шілдеде – 2 адам қайтыс болды", – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав. 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова бұл статистиканы жүргізбеу себебін КВИ-ден қайтыс болу жағдайының аз тіркелуімен байланыстырды. Сол себепті де бұл ақпаратты күнделікті берудің қажеттілігі жоқ көрінеді.

"Маусым айынан бастап КВИ-ден өлім-жітімнің бірлі-жарым жағдайы тіркеліп отыр. Күн сайын статистика берудің қажеті жоқ деп санаймыз", – деп қысқа қайырды Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу