Қылмысқа барды деген күдікпен 2,5 мыңнан астам адам іздеуде жүр

488

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қылмысқа барды деген күдікпен 2,5 мыңнан астам адам іздеуде жүр Фото: el.kz

Қылмыс жасады деген күдікпен 2,5 мыңнан астам адам іздеуде жүр. 

Ақпаратқа сәйкес, соңғы 3 жылда әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан астам адам іздестірілуде.  

“Шет елдерде ұстау және оларды кейіннен Қазақстанға экстрадициялау, соның ішінде прокурорларды үйлестіруімен 500 адам ұсталды.  Қазір 2500-ден астам адамды ұстауға жатады. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін – 400, ұрлық бойынша 250 тұлға іздеуде жүр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды”, - делінген хабарламада.

Шет мемлекеттермен орнатылған ынтымақтастық арқасында іздеудегі қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды. 

“Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр. Биыл қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды. Оның ішінде төртеуі - кісі өлтіру бойынша, екеуі қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін”, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу