Қылмыскерлерден 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

500

Полицейлер бес адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.  

Қылмыскерлерден 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адамнан тұратын қылмыстық топтан 2000-нан астам ақбөкен мүйізі табылды.

Бұл туралы inbusiness.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полицейлер "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бабы бойынша (ҚР ҚК 339-1) қылмыстық іс қозғады.

Күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

25 ақпанда Маңғыстау облысында киіктерді атқан екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Қылмыскерлердің әрекетінен мемлекетке миллиард теңге залал келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу