Министр Ержан Саденов белгілеген негізгі бағыттардың бірі азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Polisia.kz сайтының жазуынша, жиында ведомство басшылығы Мәжіліс депутатымен және ғалымдармен бірлесіп, жаңа ҚК мен ҚПК-ні әзірлеу мәселелерін талқылаған.
Жасыратыны жоқ, ІІМ технологиялық жаңалықтарды жүйелі түрде енгізуге кірісті. Кеңестің алдында "Видео НД", E-AYGAQZAT кешені және электрондық қылмыстық іс жүргізу жүйесіне жасанды интеллектіні интеграциялау сияқты бірқатар цифрлық жоба таныстырылған. Бұл цифрлық шешімдер тергеу процестерін оңтайландыруға, сонымен қатар атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыруға көмектеседі.
Кіріспе сөзінде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов құқықтық жүйені дамытудың қазіргі кезеңі заңнаманың неғұрлым тұрақты формаларына көшуді талап ететінін жеткізді.
– Тергеу тиімділігін арттыру – біздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді қабылдауды кейінге қалдыруға болмайтын объективті қажеттілік деп санаймыз. Ішкі істер министрлігі заңнаманы жетілдіруге бағытталған кез келген кәсіби диалогқа ашық, – деді ол.
Жиын барысында заңнаманы жүйелі реформалау мәселелері қаралды: тұрақты құқықтық нормаларды қалыптастыру, азаматтардың құқықтарын қорғау мен процестік институттарды оңтайландыру арқылы тергеудің заманауи тәсілдерін енгізу талқыланды.
Өз кезегінде ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Самат Аисов алдағы жұмыстың практикалық бағыттарын айқындады.
– Бүгінгі семинар-кеңес құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін және ҚК мен ҚПК нормаларын жүйелі түрде жетілдіруді талқылайтын маңызды алаңға айналды. Кездесу қорытындысы бойынша тергеу жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленеді, – деді ол.
Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамның қазіргі сұраныстарына және құқықтық мемлекет қағидаттарына сай келетін тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
– Тергеу тиімділігін арттыру – біздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді қабылдауды кейінге қалдыруға болмайтын объективті қажеттілік деп санаймыз. Ішкі істер министрлігі заңнаманы жетілдіруге бағытталған кез келген кәсіби диалогқа ашық, – деді ол.