banner

Қымбатшылық болғанда, тұрақтандыру қорындағы арзан өнімдер шығарылады

923

Қымбатшылық болғанда, тұрақтандыру қорындағы арзан өнімдер шығарылады

Үш аптадан бері жанармай бағасы ШҚО-да да көтеріліп кетті. Ең өтімді АИ-92 маркалы жанармай 2-3 теңгеге өсіп, Өскеменде енді 147-149 теңгеден сатылуда, деп хабарлайды altaynews.kz. 

Астықты оруға, азықты дүкенге жеткізуге, көмірді ауылға апаруға, жолаушыларды тасымалдауға, бар шаруаны атқаруға керек жанармай бағасының өсуінен тауар бағасы тағы да біраз көтерілетін болды.

Қыста келісі 250-ден асқан картоп қазір қала базарында 80-90 теңгеден сатылып жатыр. 

Облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, тамыз айында облыста жеміс-көкөніс өнімдерінен: алма – 1,6%, жүзім –23,4%, банан – 24,3%, лимон – 0,5%, жаңа піскен қырыққабат – 31,7%, пияз – 2,6%, қызылша – 11,7%, сәбіз –4,7%, қияр – 6,3%, қызанақ – 39,4%,тәтті бұрыш – 32,9%, картоп – 21,3%-ға арзандағаны байқалған. Апельсин 10,2%, алмұрт – 1,4%, консервіленген жүгері – 0,8%-ға қымбаттаған.

Көкөніс пен жеміс-жидектің қолжетімді бағада болуы уақытша ғана. Қыс таяған сайын көтеріле беретін көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін қазір облыстық тұрақтандыру қорына 5 500 тонна көкөніс өнімдері жиналып жатыр. "Ертіс" ӘКК басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Антон Крамаренконың айтуынша, тұрақтандыру қорындағы арзан өнімдер Өскемен мен Семей қаласының сауда орындарына қараша айынан бастап шығарылады. Бірақ қалалықтар тұрақтандыру қорының сол дүңгіршектеріне көкөністердің болмай қалатынын, арзан бағамен тұрған картоп пен өзге де өнімдердің көктемге салым сатып алуға тұрғысыз болып, бұзылып кететінін жиі айтып жүр.

Осыған орай облыс әкімі Даниал Ахметов "өнімдердің қайда, қандай бағамен сатылып жатқанын, қалай сақталатынын журналистерге де көрсетіңдер, халық бөлініп жатқан қаржының нәтижесін көруі тиіс" деп корпорация басшылығына тапсырма берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу