"Қыран" клубының 56 футболшысы мен қызметкерлері жалақы сұрап, сотқа арыз түсірді

562

"Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жалақы мен салық берешектерін қосқанда 200 млн теңгеден астам қарыз" дейді.

"Қыран" клубының 56 футболшысы мен қызметкерлері жалақы сұрап, сотқа арыз түсірді

Түркістан қалалық сотына "Қыран" футбол клубының спортшылары мен қызметкерлері жалақы төлеу және барлық салық берешектерін өтеу туралы талаппен ұжымдық өтініш түсірді. Сот азаматтық процесті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жалақы төлеуді талап етушілер ішінде клубтың қазіргі футболшылары да, еңбек сіңірген спорт ардагерлері де, сондай-ақ "Қыран" ФК директоры Владислав Казанков та бар. Олар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына талап қояды. Футбол клубына барлығы 204 318 000 теңге аударып беруді сұрайды. 

Іс бойынша төрағалық етуші Түркістан қалалық сотының судьясы Сәкен Абсаматов сот талқылауына дайындық жүргізу туралы ұйғарым шығарды. Дайындық 25 мамырда аяқталуға тиіс, содан кейін сот істі мәні бойынша қарауға кіріседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу