Қырғыз президенті өзбек басшысын қонаққа шақырды

836

Қырғыз президенті өзбек басшысын қонаққа шақырды

Қырғызстан Өзбекстанмен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті. Осылай деп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевке жолдаған хатында айтады, деп хабарлайды baq.kz.

Centralasian.org-тың хабарынша, Қырғыз басшысы хатында 2016 жылдың 24 желтоқсанында Өзбекстанға өзі бастап барған сапарында көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығына алғысын білдіреді. Алмазбек Атамбаев Шавкат Мирзияевпен қол қойған Қырғызстан мен Өзбекстанның мәңгілік достығы жөніндегі Келісімді ризашылықпен еске алатынын айтқан.

"Менің терең түйсігім бойынша, екі ел қарым-қатынасының өзара түсінушілікпен әрі қарай жұмыс істейтін нақты бағыты анықталды. Бұл келісімде көрсетілгендей, біздің елдің халқының жаңа өмірге жол бастауына мүмкіндік береді", – дейді Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан басшысының айтуынша, екі ел президенті қол жеткізген келісім Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы барлық проблеманы түпкілікті шешуге мүмкіндік береді.

Алмазбек Атамбаев хатында Өзбекстан президентін 2017 жылы өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу