banner

Қырғыздар су бермей қояды деген ақпар жоқ – Серікқали Брекешев

882

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үкімет отрысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан тарапынан келетін келетін судың көлемі өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қырғыздар су бермей қояды деген ақпар жоқ – Серікқали Брекешев

"Қырғыз тарапының депутаттары шекарадағы сауда қатынасы реттелмесе, Қазақстанға тиесілі суды қысу керек деген мәселе көтергені айтылып жүр. Шынымен де сондай қауіп бар ма", деп сұрады БАҚ өкілі министрден.

Ведомство басшысының айтуынша, ресми деңгейде ондай мәселе күн тәртібіне қойылып отырған жоқ.

"Қырғыз Респбуликасына су ресурстары бойынша қаншалықты тәуелдіміз дегенге келсек, расымен тәуелділік бар. Негізінен Қырғызстан аумағындағы Тоқтағұл су қоймасынан келетін суға тәуелдіміз. Қырғыздармен арада келісім бар. Олардың бізге бөлуі тиіс су көлемдері бойынша ешқандай тәуекел немесе қауіп көріп тұрған жоқпыз. Қырғыздар бізге су бермей қояды деген ақпар бізде жоқ", – деді ол.

Сондай-ақ министр осы айдың 20-сы күні Тараз қаласында Шу және Талас өзендерінің бойындағы су шаруашылығы нысандары бойынша мәжіліс өткенін еске салды.

"Бұл өзендерге Жамбыл облысының сумен қамтамасыз етулі мәселесі тәуелді. Ол жерде біздің мамандар қырғыз әріптестерімен кездесті. Нақты келісімдер бар. Сондықтан біз қырғыз тарапынан тиесілі суды алмай қалуымыз мүмкін деген тәуекел жоқ", – деді Серікқали Брекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу