Қырғыздың экс-премьер-министрі тергеу изоляторында отырады

768

Қырғыздың экс-премьер-министрі тергеу изоляторында отырады

Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа бұлтартпау шарасын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кабар" агенттігі ақпаратына сүйенсек, ол тергеу амалдары аяқталғанға дейін Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыратын болады. 

Еске салайық, Бішкек қаласындағы Жылу электр орталығын жаңғырту кезіндегі жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іске  қатысты 2018 жылдың 29 мамыры күні Сапар Исаковқа Қырғыз Республикасы ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу