Қырғызстан 2035 жылға дейін Қытай алдындағы қарызынан толық құтылады

262

Бұл туралы Садыр Жапаров мәлімдеді.  

Қырғызстан 2035 жылға дейін Қытай алдындағы қарызынан толық құтылады Фото: kaz.inform.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров журналист Әли Токтакуновқа берген сұхбатында елдің сыртқы қарызына қатысты сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. 

"2020 жылға дейін біздің жалпы қарызымыз, яғни сыртқы және ішкі борышымыз 5 миллиард доллар болды. Оның жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі 70 пайыз еді. Оның ішінде сыртқы қарыз – 4 миллиард 200 миллион доллар, ал ішкі қарыз 708 миллион доллар болатын. 2026 жылы жалпы қарыз 10 миллиард долларға жетті. Бұл ретте оның жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі 37 пайызға тең. Сыртқы қарыз – 5 миллиард 200 миллион доллар, ішкі қарыз – 4 миллиард 800 миллион доллар. Бізде сыртқы қарыз емес, ішкі қарыз өсіп жатыр. Ол бар болғаны 1 миллиард долларға өсті", – деді Қырғызстан басшысы.

Жапаровтың сөзінше, бұл 1 миллиард доллар Қытайдан емес, басқа халықаралық қаржы институттарынан алынған. Сондай-ақ соңғы бес жылда Бішкектің Бейжіңнен бір тиын да қарыз алмағаны белгілі болды.

"Біз қарызымыздың 500 миллион долларын өтедік. 2020 жылға дейін "Эксимбанк" (Қытайдың Экспорт-импорт банкі) алдында 1 миллиард 800 миллион доллар борышымыз болды. Бес жыл ішінде оны 500 миллион долларға азайттық. Қазір банкке 1 миллиард 300 миллион доллар қарызбыз. Оны 2035 жылға дейін толық өтейміз", – деді Садыр Жапаров.

Айта кету керек, бұған дейін Садыр Жапаров екінші мерзімге президенттік сайлауға түсетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу