Қырғызстан алтыны бар кен мен концентратын экспорттауға мораторий жариялайды

515

Қырғызстанда 2023 жылдың 1 мамырынан бастап құрамында алтыны бар кен мен концентратын экспорттауға уақытша тыйым салады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қырғызстан алтыны бар кен мен концентратын экспорттауға мораторий жариялайды Фото: turkystan.kz

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы С.Жапаров қол қойды. Бұл ретте Қырғызстан аумағында өндірілген құрамында алтыны бар кен және концентратты өңдеуге айрықша құқығы "Қара-Балта тау-кен комбинаты" ААҚ-на берілген. Мораторий жарты жылға енгізіледі.

Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан үкіметіне уақытша тыйым салуды 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап алты ай сайын ұзарту тапсырылды. Қырғызстан Республикасының мемлекеттік кеден және шекара қызметтеріне шешімді орындау бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Бұған дейін Қырғызстан көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға уақытша тыйым салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу