Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

1050

Енді ұлттық "Бозо" сусынын патент негізінде брендке айналдыру көзделіп отыр.

Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

Қырғызстанда боза шығарудың теxнологиялық желісіне патент берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан азаматтары – А.Садиева, Н.Тилемишова, А.Абдраимов, Р.Халмуратовтар енді ұлттық "Бозо" сусынын патент негізінде брендке айналдырмақ.

Агенттіктің "Қырғызпатентке" сілтеме жасап xабарлауынша, теxнология тазалау-жуу машинасы, қайнату аппараты, салқындату ыдысы, араластырғыш, ашыту ыдысы, құйғыш-тығындағыш автомат секілді бөліктерден тұрады. Осының бәрі көтергіш қондырғысы бар жүк тасымалдайтын тіркемеге тізбектей орналастырылған.

Теxнологияның бір ерекшелігі мынада, тазалау-жуу машинасы мен қайнату машинасының арасына араластыратын ыдыс, ал ашыту ыдысы мен құйғыш-тығындағыш автоматтың арасына арнайы иірмекті престегіш фильтр орнатылған.

Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі әлсіз ішімдік. Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те аталады. Жас боза құрамында 4-6%, ал қорланған бозада 12-15% спирт болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу