Қырғызстан электр энергиясын тұтыну жөнінен рекорд жаңартты

378

Соңғы үш күнде Қырғызстан электр энергиясын тұтыну бойынша рекорд жаңартты. Бұл туралы Кабар агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Мирлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қырғызстан электр энергиясын тұтыну жөнінен рекорд жаңартты Фото: khabar24.kz

Вице-министрдің сөзінше, елдегі қалыптан тыс суықтың салдарынан энергетика жүйесіне жүктеме артты. Мұндай жағдай кеңестік кезеңнен бері байқалмаған.

"Өткен тәулікте 76 млн киловатт сағат тұтынылды. Соңғы бірнеше күні кешкі уақытта энергия жүйесі қолданыстағы қуат шегінде жұмыс істеп тұр, бұл жылу беру маусымында рұқсат етілмейді. Жабдықтардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау үшін елдің түкпір-түкпірінде энергетиктер су электр станциялары мен қосалқы стансаларда тәулік бойы кезекшілік атқаруда", - деді Мирлан Жақыпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу