Қырғызстан халқының саны 7 млн 337 мың адамға жетті

139

Жыл басынан бері алты айда ел тұрғындарының қатары 55,6 мың адамға өсіп, 0,8 пайызға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Кабар басылымына сілтеме жасап. 

Қырғызстан халқының саны 7 млн 337 мың адамға жетті   Фото: canva

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 шілдедегі тұрақты халық саны 7 млн 337 мың адам болды.

Қаңтар–маусым айларында АХАЖ органдарында 65 мың нәрестенің дүниеге келуі тіркелді. Бұл – әр мың тұрғынға шаққанда 17,9 бала. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде көрсеткіш 19,3 болған.

Осы кезеңде 16,1 мың адам қайтыс болды. Бұл әр мың тұрғынға 4,4 адамнан келеді (2024 жылы – 4,5).

Нәтижесінде, биылғы алғашқы жартыжылдықтағы табиғи өсім 48,9 мың адамды құрады. Бұл – әр мың тұрғынға шаққанда 13,5 (өткен жылы – 14,8).

Ең жоғары табиғи өсім Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында тіркелсе, ең төменгі көрсеткіш Бішкек пен Ыстықкөл өңірінде байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу