Қырғызстан Қазақстанды айналып өтіп, өз темір жолын салмақ

4164

Қазір Қырғызстан тек Қазақстан мен Ресей арқылы ғана өзге елдермен логистикалық байланыс жасай алады. 

Қырғызстан Қазақстанды айналып өтіп, өз темір жолын салмақ Фото: TAZABEK.KG

Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан темір жолының құрылысы осы жылдың қазан айында басталады. Бұл туралы республиканың оңтүстігіндегі Ош облысында болған кезде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қырғыз көшбасшысы атап өткендей, қазір Қырғызстан логистика тұрғысынан ыңғайсыз жағдайда. Қырғызстан тек Қазақстан мен Ресей магистральдары арқылы ғана өзге елдермен логистикалық байланыс жасай алады.

"Теміржол салынғаннан кейін біз әлемге шыға аламыз. Бұл біздің жеке жолымыз болады", - деді Жапаров.

Бұған дейін ҚХР басшысы Қырғызстан, Қытай мен Өзбекстан аталмыш жобаны ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, Қырғызстан бұл бағытта барынша батылдық танытып, алдағы бірнеше жыл ішінде өз магистралін салуға аса ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу